Жарияланды: 280

Футболдан Еуропа біріншілігінің жартылай финалы 6-7 шілдеде өтеді

Футболдан Еуропа біріншілігінің жартылай финалы 6-7 шілдеде өтеді Сурет - 1080.plus

Футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды.

3 шілдеде өткен соңғы ширек финал матчында Франция Исландияны 5:2 есебімен жеңді. Енді Франция құрамасы жартылай финалда 2014 жылғы әлем чемпионы Германиямен кездеседі. Бұл матч 7 шілдеде өтеді.+

Ал 6 шілдеде Уэльс пен Португалия екінші финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Еуропа чемпионатының финалы 10 шілде күні Парижде өтеді. 2012 жылғы Еуропа біріншілігін Испания құрамасы жеңіп алған. Биыл Испания 1/8 финалда Италиядан жеңіліп, атағын қорғай алмады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін