Жарияланды: 490

Футболдан мешіттер арасында жарыс өтті

Футболдан мешіттер арасында жарыс өтті Сурет - Ansar.ru

Алматыда «Асыл мұра» бағдарламасы аясында футболдан «Төле-би» және «Муззамиль» мешіттеріне келуші жамағат арасында жарыс өтті.

Алдағы уақытта қалалық сайысқа өз мешітнің атын шығару үшін жарыс жолына түскен 10 команда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ футбол аланыңа жиналды. Оның бесеуі Төле-би, ал, бесеуі Муззамиль мешітінің ұжымдары болды.

Жарыс қорытындысы бойынша 10 ұпай жинаған «Қара тамыр» командасы бірінші орын алып «Төле-би» мешітінің абыройын қорғайтын болды. Екінші орынды «Ансар» ойыншылары алса, «Арман» футболшылары 6 ұпай жинап қоланы қанағат тұтты.

Ал, «Муззамиль» мешіт өкілдері арасында «Салих», «Спарта» және «Дружба-1» командалары 9 ұпайдан қанжығаға байлап, орындарды жеке кездесулері арқылы бөліп алды.

Жеңімпаздар мен жұлдегерлерге грамота және медальдар табысталды. Естеріңізге сала кетейік, Асыл мұра бағдарламасы 7 шілде күні ашылып, Алматы қаласының мешітке келуші жамағаттары арасындағы бұқаралық спортты дамытуға негізделген.

Алдыңғы аптада бастама алған футбол лигасына қалада орналасқан 48 мешіт өкілдері өзара мықтыны анықтап, қалалық турнирде жолығатын болады. Бұл ойындар, әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өткізілетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін