Жарияланды: 400

Футболдан «Қайрат» пен «Пирин» командалары арасындағы кездесу

Кеше Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайрат» футбол клубы Болгарияның Гоце Делчева қаласының «Пирин» командасымен спаррингтік кездесу өткізді.

Словакиялық Владимир Вайсс жаттықтыратын алматылықтардан Олег Недашковкий мен Мақсат Байжанов көзге түсті. Олар бірінші боп есеп ашқанымен, төреші белгілеген пенальтиден кейін қарсыластары ойынның алғашқы жартысының аяғына таман есепті теңестіріп кетті. Ал ойынның екінші жартысында қонақтар басым түсіп, қорытынды есеп 2:3 болып аяқталды. Алматылықтардың келесі спаррингтік кездесуі 18 қаңтарда өтпек. Әзіргі қарсыластың кім болатыны белгісіз. Жалпы «Қайрат» командасының 8 қаңтарда бастаған бұл жиыны 22-сінде аяқталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін