Футболдан Уэльс құрамасы Бельгияның жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Уэльс құрамасы Бельгияның жолын кесті

Футболдан Уэльс құрамасы Бельгияның жолын кесті

 

  • 2 Шiлде 2016
  • 282
Фото - Caravan.kz

Футболдан Еуропа біріншілігінде Уэльс құрамасы Бельгияны ірі есеппен  ұтты. Бұл туралы чемпионаттың Еуро-2016 ресми сайтына сілтеме жасай отырып Karavan.kz сайты хабарлайды. 

Бельгия футболшылары 13-минутта есеп ашты. Рома командасының ойыншысы Раджу Наингголананың алыстан тепкен добы қақпадан табылды. Әйтседе  31-минутта Уэльстің капитаны Аарон Рэмзидің пасын ұтымды пайдаланған Эшли Уильямс гол соғып, есепті теңестірді. 

Үзілістен кейін Хэла Робсон Кану екінші допты қақпаға тулатса, 86-минутта Сэм Воукс үшінші допты соқты. Осылайша есеп  3:1 есебімен аяқталды.


Келесі кездесу бүгін өтеді. 1/4 финалда Германия мен Италия командалары жолығады 

Соңғы жаңалықтар