Жарияланды: 280

Футболдан жастар және жасөспірімдер құрамаларының бас бапкерлері қызметтерінен босады

Қазақстан футбол федерациясы

Жаттықтырушылар кеңесі мәслихатының қорытындысы бойынша жастар (U-21) және жасөспірімдер (U-17) құрамаларының бас бапкерлері қызметтерінен босатылды. Федерация сайтында жарияланған хабарламаға сүйенсек, онда жастар құрамасының (U-21) аға бапкері Слободан Крчмаревичпен жасалған келісімшарттың аяқталған мерзімін одан әрі ұзартпау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Еуропа біріншілігінің іріктеу додасында командасының нашар өнер көрсетуіне байланысты жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға бапкері Михаил Соловьевқа қатаң сөгіс жарияланды. Онымен бірге, командасы Еуропа біріншілігінің іріктеу додасында сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты қызметінен кету туралы өз еркімен арыз жазған жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері Павел Травник қызметінен босады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін