Г. Воскобоева «Apia International Sydney» турнирінің негізгі кезеңінің 2-ші раундына өтті
Австралияның Сидней қаласында өтіп жатқан 121-ші «Apia International Sydney» турнирінде |
қазақстандық теннисші Галина Воскобоева жарыстың негізгі кезеңінде де сәтті өнер көрсетуде. Бірінші раунда бельгиялық Янина Виксмайерден (3:6, 7:6, 6:2) басым түскен ол, енді Германия спортшысы Анжелика Кербермен күш сынысады.
Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде А.Кербер - 5, ал Г.Воскобоева 82-ші сатыда тұр. Бұл тізімді «Apia International Sydney» турнирінің өткен жылғы жеңімпазы беларусьтық Виктория Азаренко бастап тұр.
Жалпы Галина бұл байрақты бәсекенің дәрежелік кезеңінде голландиялық Аранта Русты, американдық Коко Вандевегті және ресейлік Ольга Пучкованы жеңген болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін