Екінші матч бір ұпай айырмашылығымен ғана, 36:35 нәтижесімен «Іле» командасының жеңісімен аяқталды. Енді ел чемпионын анықтау үшін қос команда «Достық» спорт кешенінде үшінші матч өткізді. Бүгінгі болған соңғы ойында алматылық қыздардың жеңіске деген құштарлығы бірден байқалып тұрды. Нәтижелі шабуылдар ұйымдастырған олар соңғы кездесуде қарсыластарынан 36:25 есебімен басым түсіп, Қазақстан чемпиондары атанды.
Қола медаль тағдыры да сериялық өткен үш кездесуден кейін анықталды. Алғашқы ойында астаналықтардан 29:27 есебімен ұтылып, сыр елінің сұлулары қалған екі ойында есе жібермей нәтижесінде 33:30 және 33:17 есебімен жеңіске жетіп, қола медаль иегелері атанды. Алайда «Сейхун Кам» командасының ойыншылары бұл нәтижеге қанағаттанбайды.