Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
23 қарашада Рим қаласында өткен конгресске 56 мемлекет қатысып, басшылық қызметке сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Геннадий Головкин бірегей кандидат болғандықтан оның кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Осылайша отандасымыз халықаралық бокс ұйымын басқаратын тұңғыш қазақстандық маман ретінде тарихқа енді. Оның өкілеттілігі үш жылға созылады.
Айта кетейік, World Boxing халықаралық бокс ұйымы 2023 жылдың сәуір айынан бері жұмыс жасап келе жатыр. Геннадий Головкин бұған дейін World Boxing Олимпиадалық комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Сайлаудан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Головкинді халықаралық ұйым президенті болып сайлануымен құттықтады.
“Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды” – делінген құттықтауда.