Жарияланды: 500

Геннадий Головкин Уганды Кассима Оумамен шаршы алаңда кездеседі

Әлемдік Бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин маусымның 17-сі күні Панамада өзінің чемпиондық атағын сақтап қалу үшін Уганды Кассима Оума атты былғары қолғап иесімен болатын кездесуге дайындық үстінде.

Г.Головкиннің қарсылысы кәсіби шаршы алаңда 36 кездесу өткізген. Оның 27-де жеңіске жетсе, 7-де жеңіліске ұшыраған. Аталған кездесу Панаманың астанасындағы 16 мың көрермен сиятын бокстан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атанған Роберт Дюран атындағы спорт кешенінде өтеді. Бұл кешке кіру билеті бір ай бұрын сатылымға түскендіктен қазіргі таңда ол толығымен сатылып біткен. Бүгінгі таңда Геннадий Головкин АҚШ-тың Калифорния штатындағы Биг Бер мекенінде аталған кездесуге бағытталға қорытынды жаттығуларын жүргізуде. Өз титулын сақтап қалу аясында отандасымыз WBC нұсқасы бойынша мексикандық Сауль Альварес сынды бірнеше танымал боксшылармен кездесулер өткізген болатын. Қазақстандық боксшының Панамаға ұшуы маусымның 15-іне белгіленген. Геннадий Головкин мен Кассима Оуманың шаршы алаңда сынға түсуіне телеарналар үлкен қызығушылық танытып отыр. Қазақстандық боксшының қатысуындағы кеш «БОЕЦ», Спорт 1 (Украина), Спорт 1 (Германия) арналарында көрсетіледі. Ал отандық бокс сүйер қауым кездесуді «Астана» телеарнасынан көре алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін