Жарияланды: 520

Геннадий Головкин WBA титулының иегері атанды

Геннадий Головкин WBA титулының иегері атанды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орташа салмақта WBA титулының иегері атанды, деп хабарлады Әлемдік бокс ассоциясына сілтеме жасай отырып Vesti.kz.

Бұл 31 жастағы австриялық Дэниэл Гилді орташа салмақтағы WBA суперчемпионы атағынан айыру шешімі қабылданған соң мүмкін болды. Өзінің атағын WBA бұрынғы суперчемпионы Феликс Штурманға қарсы шыққан австралиялық боксшы оны міндетті қорғауды өткізбеуді шешті. Оның орнына Гил алдағы жылдың басында өзінің 37 жастағы отандасы Энтони Майдайнмен қайта айқаспақ болып отыр. 2009 жылы Майдайнмен болған жекпе-жек төрешілердің шешімімен оған жалғыз жеңіліс әкелген еді. «Біз WBA-ға бұл жағдайды анықтап, Геннадийді орташа салмақтағы жалғыз чемпион ретінде танығаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Геннадий өзінде WBA және IBO белбеулерінің барын мақтан етеді және алаңға қайтып оралуын тағатсыздана күтуде», - деп жазады K2 промоутері Том Леффлердің сөздерін келтіре отырып BoxingScene сайты. Осылайша, WBA «тұрақты» атағының иесі 30 жастағы Головкин жекпе-жекке шықпай-ақ бұл ұйымның нұсқасы бойынша орташа салмақтағы чемпион атағыныі жалғыз иегері болды. Естеріңізге сала кетейік, өзінің соңғы кезесуінде қазақстандық боксшы бесінші раундта польшалық Гжегож Проксуды нокаутқа жіберді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін