Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үндеу жасады

Геннадий Головкин жанкүйерлеріне үндеу жасады

BA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Канело Альвереспен жекпе-жек қарсаңында жанкүйерлеріне үндеу жолдады.

  • 29 Маусым 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Барша бокс жанкүйеріне, осы жекпе-жекті күтіп, уайымдап, мені қолдайтын барлық жанға алғыс айтқым келеді. Мен өз тарапымнан бұл шынымен де керемет бокс кеші, қазіргі кездегі ең үлкен жекпе-жек және керемет шоу болатынына кепілдік бере аламын. Сіздерге ұнауы үшін бәрін жасаймыз", — деді GGG Instagram-да жарияланған видеода.

Қазақстандық спортшы видеоға үш тілде сипаттама жазды: "Very grateful for all your support! Барша қолдауларыңызға мың алғыс! Благодарен за всю вашу поддержку!"

 

Соңғы жаңалықтар