Германия Оңтүстік Кореядан масқара болып ұтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия  Оңтүстік Кореядан масқара болып ұтылды

2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында топ жарған Германия құрамасы биылғы доданы ерте аяқтады. Топтағы соңғы ойында немістер Оңтүстік Корея құрамасынан ұтылды.

Қазанда өткен кездесуде 2:0 есебімен ұтылған немістер топтық кезеңнен өте алмады. Алғашқы ойында Мексика құрамасына ұтылған құрама, екінші кездесуінде Швецияны ұтқан-ақ еді. Алайда шешуші ойында Йоахим Левшәкірттерінің жолы болған жоқ.

Оңтүстік Корея құрамасы екі голды да соңғы минуттарда соқты. Ким Ен Гвонмен Сон Хын Миннің голдары Азиядан барған ұжымға жеңіс сыйлады.

F тобындағы екі жолдаманы Германия да емес, оларды жеңген Оңтүстік Корея да емес, Швеция мен Мексика иеленді. Шведтер топтағы соңғы ойында Оңтүстік Америкадан келген құраманы 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойындаАугистиннсон мен Гранквист гол соқты. Сондай-ақ бір голды Альварес өз қақпасына байқаусызда енгізіп алды

  • 28 Маусым 2018
  • 41
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар