"GGG баяу қозғалып, көп соққы жіберетін болған" - Головкиннің бұрынғы қарсыласы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"GGG баяу қозғалып, көп соққы жіберетін болған" - Головкиннің бұрынғы қарсыласы

"GGG баяу қозғалып, көп соққы жіберетін болған" - Головкиннің бұрынғы қарсыласы

Росадо Геннадий Головкинмен 2013 жылы шаршы алаңда кездескен еді. Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын жетінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

  • 17 Мамыр 2018
  • 163
Фото - Caravan.kz

Америкалық боксшы Габриэль Росадо (24-11, 14 КО) өзінің бұрынғы қарсыласы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) соңғы жекпе-жегіне таңдаған қарсыласына көңілі толмағанын айтты, — деп хабарлайды EsNews.

Еске салайық, Головкин міндетті жекпе-жегінің уақытын кейінге шегеріп, Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) бокстан шеттелгеннен кейін 5 мамырда Ванес Мартиросянмен жұдырықтасты. Головкин мен Мартиросян кездесуі бәсекелі болған жоқ — чемпион қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Росадо екі жыл жұдырықтаспаған әрі жеңіліп қалған Мартиросянға чемпиондық белбеуге таласуға қалай мүмкіндік берілгенінен таңғалады. Ол Альварестің жұдырықтаспайтынын естігенде, дереу ГОловкиннің командасына ұсыныс тастағанын айтады.

"Мен Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ қостым. Ванестің бірінші орта салмақтан көтерілгені ақталу үшін орынсыз жағдай. Оған чемпиондық белбеуге таласу мүмкіндігі берілді, мұның өзі барып тұрған бассыздық, себебі қазақстандық боксшының қарсыласы екі жыл бойы шаршы алаңға шықпаған. "Канело" шығып қалғанын естігенде, дереу ұсыныс тастадым. Әлеуметтік желілердегі парақшамда жарияладым, көптеген жанкүйерлер осы жекпе-жекті көргісі клетіндерін айтты.

Головкин баяу қозғалады, бірақ оның соққысы әлі де жойқын екені анық. Ол баяу қозғалып, көп соққы жіберетін болған. Жекпе-жекке бір ай қалғанда мен үлгерер едім дайындалып. Бұл тамаша жекпе-жек болар еді, алайда Ванес таңдалды, себебі алда "Канеломен" үлкен жекпе-жек күтіп тұрған еді. Сол үшін де Головкинге қауіпсіз нұсқа керек болды", — деді Росадо.

Айта кетейік, Росадо Геннадий Головкинмен 2013 жылы шаршы алаңда кездескен еді. Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын жетінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

 

Оқи отырыңыз:

Ресей жерін қайта бөліске салу: орыстар Самара мен Челябі қалаларын Қазақстанға «сыйға тартты

Кімді мазақ қып тұр? Оразада крест тағып кешірім сұраған Алагөзованың басы дауға қалды

Қазақстанға турист әкелетін екі бағдарлама бар: Димаштың концерті мен біздің шоуымыз – Денис Те
 

Соңғы жаңалықтар