Жарияланды: 40

GGG шаршы алаңға 29 ақпанда оралады

GGG шаршы алаңға 29 ақпанда оралады

 

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн келесі жекпе-жектің қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Біз жекпе-жекті 29 ақпан өтеді деп жоспарлап отырмыз. Геннадий Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында бірнеше рет жұдырықтасты. Байқағанымыз, GGG-дің айқасын тамашалауға чикаголық тұрғындар көп келген екен. Сондықтан келесі жекпе-жекті Чикагода өткізу ойда бар», - деді Matchroom Boxing порталына берген сұқбатында.

Сонымен қатар, Эдди Хирн Головкиннің Сауль Альвареспен трилогия өткізгісі келетінін жеткізді.

Бірнеше күн бұрын Головкин Польшаның үздік боксшысына қарсы жұдырықтасуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде GGG украиналық боксшы Сергей Деревянченконы ұтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін