Г.Головкин кәсіпқой бокстың WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г.Головкин кәсіпқой бокстың WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғайды

Г.Головкин кәсіпқой бокстың WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғайды

17 маусымда қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Панамангың Панама қаласындағы Роберто Дуран аренасында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) орта салмақ дәрежесі бойынша Әлем чемпионы атағын қорғайды.

  • 6 Маусым 2011
  • 627
Фото - Caravan.kz

Оның бұл жолғы қарсыласы «арман» деген лақап аты бар угандалық экс-чемпион Кассим Оума болмақ. Бұған дейін Г.Головкиннің менеджерлері Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпионы австралиялық Дэниэл Гилге қыркүйек айында кәсіпқой бокстың 2 нұсқасы бойынша дәреже біріктіру жекпек-жегін өткізуге ұсыныс жасаған болатын.

Қазір Геннадий өз дайындығын спаринг-серіктес ретінде Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) 1-ші орта салмақтағы чемпионы Сауле Альвареспен өткізуде. Олар алдағы аптада біреуі Панамада, екіншісі Мексикада өз атақтарын қорғайды. Мәселен, Г. Головкин 17 маусымда угандалық Кассим Оумадан, ал С. Альварес 18 маусымда британдық Райан Роудспен жұдырық түйістеретін болады.

1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда өмірге келген Геннадий Головкин кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін 20 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін (17-сін нокаутпен) өз пайдасына шешкен еді. Ал Кассим Оума 1978 жылы 12 желтоқсанда Уганданың Кампала деген қаласында өмірге келген. Кәсіпқой бокста 27 жекпе-жек өткізіп, оның 19-ында жеңіп (17-сін нокаутпен), жетеуінде жеңіліп, біреуін тең аяқтаған боксшы.

Соңғы жаңалықтар