Жарияланды: 30

Гном қазақ күресінен Еуропа чемпионатының символына айналды

Гном қазақ күресінен Еуропа чемпионатының символына айналды

Халықаралық Qazaq quresi федерациясы қазақ күресінен Еуропа чемпионатының «тұмарын» бекітті. Ол - гном мүсіні.

Гномның символ ретінде таңдалуы кездейсоқ емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Еске сала кетейік, қазақ күресінен Еуропа чемпионаты Польшаның маусым айында Вроцлав қаласында өтеді. «Бұл қала өзінің ерекше архитектурасы, қонақжайлығымен ғана емес, қала ішіндегі көптеген гном ескерткіштерімен ерекшеленеді. Алғашқы 40-сантиметрлік гном ескерткіші Вроцлав қаласында 2001 жылы орнатылған. Содан бері қала ішінде түрлі гном ескерткіштері көбейе бастаған. Бүгінде Вроцлавтағы көптеген ұйымдар мен фирмалар тарихи жәдігер ретінде гномдарға арнайы тапсырыс беріп, оны орнатуды дәстүрге айналдырған. Сәйкесінше, гномдар қазіргі таңда қаланың туристік брендіне айналды. Тіпті, гномдар орналасқан көшелерге арнайы карталар жасалған» деп мәлімдеді федерацияның баспасөз қызметі. Егер қазақ күресінен Еуропа чемпионатының биылғы «тұмарына» назар аударар болсақ, біздің гном қазақ күресінің арнайы киімін киген. Басқалардан ерекшелігі де - осы. «Алдағы Еуропа чемпионатының «тұмары» бүгінде қазақ спорты тарихының бір бөлігіне айналып үлгерді. Вроцлав қаласының қонақтары мен тұрғындары гном жанында естелік суретке түсіп қана қоймай, өз арман-тілектерін тілеуді дәстүрге айналдырған. Тұмар-гном палуандардың рухын көтеріп, жігерлендіріп, спортшыларға сәттілік әкелетініне сенеміз» делінген хабарламада.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін