Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер отандасымыз 5 мамыр күні өткізетін жекпе-жегінде украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) кездеспейді, деп хабарлайды boxingnews24.com порталы.
"Головкин 5 мамыр күні жұдырықтасқысы келетінін айтты. Ал мен жекпе-жек ұйымдастыру үшін қолымнан келгенін барлығын істеп жатырмын. 5 мамыр күні Головкин Деревянченкомен жұдырықтаспайды. Егер Деревянченко келесі жолыға дейін күтетін болса, бұл оған еш кедергі келтірмейді. Біз негізі Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге қарсы емеспін. Бірақ мұндай жекпе-жектің жарнамасы дұрыс жүруі керек. Неғұрлым біз кездесудің жарнамасын жақсы жасасақ, бізге де жақсы болады", — дейді Леффлер.
"18 сәуірді күте тұрайық. Содан соң 5 мамырда және қыркүйекте не болары анықталады. Біз дәл қазір көптеген сұрақтарға жауап бере алмайсыз. Менің ойымша, аптаның ортасына дейін көп нәрсе белгілі болып қалады", — дейді промоутер.
Еске салайық, мексикалық Сауль "Канело" Альварес Головкинмен кездесуден бас тартқан соң, отандасымыз 5 мамыр күні кездесу өткізуге бел буған болатын. Бірақ оның қарсыласы әлі анықталмады. Өткен аптада тіпті жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін деген ақпарат да шыққан еді. Өйткені, жекпе-жектің өтуіне уақыт аз қалды. Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың қатарында ирландиялық Гэри О’Салливан болды. Дегенмен де кейін ол кездесуден бас тартты.
Содан соң отандасымыздың қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) болады делінген. Тіпті америкалық боксшы WBC және WBA ұйымдарынан рұқсат та алған. Бірақ IBF түбі армениялық боксшы кездесуге қатысуға рұқсат бермеді.
Оқи отырыңыз:
"Әзірет Сұлтанның" наиб имамы Оразаға дейін жасалуы тиіс 5 амалды атады
Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі Алтынай сауық кешіне төсін ашып келді