Головкин 55 мың адам сиятын бірегей аренада титулдар біріктіретін жекпе-жек өткізуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин 55 мың адам сиятын бірегей аренада титулдар біріктіретін жекпе-жек өткізуі мүмкін

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) осы дивизионда WBA "регуляр" белбеуіне ие Риота Муратаның (16-2, 13 KO) қарсыластар тізімінде бар. Бұл туралы жапониялық боксшының ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мәлімдеді.

23 желтоқсан Йокогамада (Жапония) Мурата бесінші раундта канадалық Стивен Батлерді (28-2-1, 24 KO) нокаутқа түсіріп, титулын қорғап қалды.

Арумның сөзінше, енді промоутерлер жапониялық боксшы мен Головкин немесе Сауль "Канело" Альварес арасында жекпе-жек ұйымдастырғысы келеді. Ал кездесуді Олимпиада ойындары басталмай тұрып, Жапониядағы 55 мың адам сиятын "Токио Доум" аренасында өткізбек.

"Токио Олимпиадасы алдында осында "Канело" немесе Головкинді алып келіп, "Токио Доум" аренасында Муратамен үлкен жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді. Екі боксшы да Жапонияға ойланбастан келіп, Муратамен үлкен жекпе-жек өткізуге дайын екендерін айтқан. Осыны ұйымдастырамын деген үміттемін", - деп келтіреді Арумның сөзін The Japan Times.

  • 24 Желтоқсан 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz

Top Rank басшысы осындай мәлімдеме жасады.

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) осы дивизионда WBA "регуляр" белбеуіне ие Риота Муратаның (16-2, 13 KO) қарсыластар тізімінде бар. Бұл туралы жапониялық боксшының ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мәлімдеді.

23 желтоқсан Йокогамада (Жапония) Мурата бесінші раундта канадалық Стивен Батлерді (28-2-1, 24 KO) нокаутқа түсіріп, титулын қорғап қалды.

Арумның сөзінше, енді промоутерлер жапониялық боксшы мен Головкин немесе Сауль "Канело" Альварес арасында жекпе-жек ұйымдастырғысы келеді. Ал кездесуді Олимпиада ойындары басталмай тұрып, Жапониядағы 55 мың адам сиятын "Токио Доум" аренасында өткізбек.

"Токио Олимпиадасы алдында осында "Канело" немесе Головкинді алып келіп, "Токио Доум" аренасында Муратамен үлкен жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді. Екі боксшы да Жапонияға ойланбастан келіп, Муратамен үлкен жекпе-жек өткізуге дайын екендерін айтқан. Осыны ұйымдастырамын деген үміттемін", — деп келтіреді Арумның сөзін The Japan Times.

Соңғы жаңалықтар