Головкин - Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың ең тартысы айқасы болмақ
![]() |
Badlefthook.com америкалық сайты Геннадий Головкин - Сауль Альварестің болуы мүмкін жекпе-жегі 2016 жылдың ең тартысты айқасы болатынын айтты, деп жазды |
«Альварес Мигель Коттоны жеңген кезде өзінің ерекше мықтылығын дәлелдей алды, алайда оның Геннадий Головкинмен айқасуға әзірмін деген сөзіне қарамастан, Golden Boy тарапынан бұл айқасты ұйымдастыруға келгенде сәл-пәл батылсыздық байқалды. Альварес 7 мамырда айқас алаңына шығуы тиіс, бұл күні Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырса, керемет болар еді. Алайда бұл егер «Канело» шынымен талап еткен жағдайда ғана болмақ. Промоутер Оскар Де Ла Хоя өзінің басты жұлдызын қорғағысы келетіні де жасырын емес, алайда Альварестің жағдайы да егер оның қалауында болса, дәл қазір Головкинмен айқасты талап ету мүмкіндігін береді.
Альваресті толыққанды 160 фунтта жұдырықтасқанын көру керемет болар еді. Өзім аралық санат мәселесі бойынша аса алаңдамаймын, алайда идеалда орташа салмақтағы чемпиондық осы санат шегінде анықталуы тиіс, бұл адамдардың шағымын да азайтар еді. Бокста шағымданатындай жағдайлар онысыз де жетіп асады, - деп жазды материал авторы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін