Головкин Альвареспен үшінші айқасы өтетін Лас-Вегас қаласына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Альвареспен үшінші айқасы өтетін Лас-Вегас қаласына келді

Головкин Альвареспен үшінші айқасы өтетін Лас-Вегас қаласына келді

 

  • 12 Қыркүйек 2022
  • 45
Фото - Caravan.kz

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегасқа келді, деп хабарлайды Caravan.kz медиатпорталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз», — деп жазды Г.Головкин Facebook-тегі жеке парақшасында.

Еске салайық, 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізеді. Олар екінші орта салмақтағы әлем чемпионының барлық титулы үшін таласады.


Қазақстан уақыты бойынша кездесу 18 қыркүйек күні таңғы сағат 05.00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады. Елімізде тікелей трансляцияны «Qazsport» телеарнасы жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар