Головкин бас тартқан әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин бас тартқан әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек белгіленді

Головкин бас тартқан әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек белгіленді

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін неміс Винченцо Гуальтьеримен (20-0-1, 7 КО) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.

  • 23 Мамыр 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат.-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Құдайға шүкір, жекпе-жек жақындап келеді! Тарихқа қосылыңыздар», — деп жазды Фалькао Instagram-парақшасында.

Боксшы жариялаған ресми постерде Фалькао — Гуальтьери кездесуі 1 шілдеде Вупперталь (Германия) қаласында өтетіні жазылған.


Боксшылар таласатын орта салмақтағы IBF белдігі әзірге бос. Бұрын ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) тиесілі болатын, бірақ ол титулдан бас тартты.