Головкин Елеусіновпен бір бокс кешінде жұдырықтасудан бас тартқан - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Елеусіновпен бір бокс кешінде жұдырықтасудан бас тартқан

Головкин Елеусіновпен бір бокс кешінде жұдырықтасудан бас тартқан

Геннадий Головкин Елеусіновті өзі жұдырықтасатын бокс кешінің андеркартынан көргісі келмеген

  • 16 Мамыр 2019
  • 111
Фото - Caravan.kz

Наурыз айында ғана жекпе-жегін өткізген Данияр Елеусінов Головкин жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтаспайды, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Олимпиада чемпионы 8 маусым күні өтетін Геннадий Головкиннің жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығу керек болған. Алайда Геннадий Головкин Елеусіновті өзі жұдырықтасатын бокс кешінің андеркартынан көргісі келмеген.  Енді Елеусінов 25-ші мамыр күні Оксон-Хилл қаласында (АҚШ, Мэрилэнд штаты) өтетін бокс кешінде сынға түседі.

Естеріңізге салайық, АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиспен қолғап түйістірді. Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Есеп — 79-70, 79-71, 79-71. Жетінші раундта Данияр Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберді, алайда мексикалық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алды.


Соңғы жаңалықтар