Головкин "Канеломен" жекпе-жекке дайындығын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин "Канеломен" жекпе-жекке дайындығын бастады

Головкин "Канеломен" жекпе-жекке дайындығын бастады

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке дайындық жаттығуларын бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 4 Шiлде 2017
  • 499
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оның бапкері Абель Санчес мәлімдеді. Жаттығу процесі әдеттегідей Калифорниядағы Big Bear кешенінде өтеді. 

"Ертең ол жаттығу лагеріне келеді. Біз жаттығуларды бастаймыз. Мен оның мықты болуы үшін жаттығуларға бар күшін салатынына сенемін. Қарсылас та осы мәселені ескеруі тиіс. Бізде "Канелоны" соңғы раундтарда құлатуға немесе төрешілер шешімімен жеңіске жетеміз деген үміт бар", — деп жазды boxingnews24.com Санчесті сөзін. 

Айта кетейік, "Канело" — Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді, екі боксшы арасындағы жекпе-жек өтетіні ресми түрде жарияланды. 


Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.
 

Соңғы жаңалықтар