Головкин карьерасын аяқтауға қатысты ойын нақты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин карьерасын аяқтауға қатысты ойын нақты айтты

Головкин карьерасын аяқтауға қатысты ойын нақты айтты

 

  • 4 Шiлде 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдында карьеарсын аяқтауға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Ары қарайғы әрекетімізді нәтижеге байланысты жоспарлаймыз. Келесі жепке-жектен кейін не істейтінімізді ойлаймыз.

Зейнетке шығу — өте қиын мәселе. Әр күн жаңа дүние алып келуі мүмкін. Келесі айқастан кейін қаржылық жағынан қандай мүмкіндіктер ашылатынын және қаншалықты қызық айқастар бары белгілі болады. Мен уақыты келгенде шешім қабылдаймын.

Болжам жасау қиын. Маған ұнайтындықтан бокспен шұғылданамын. Зейнетке кету әдетте бір ғана себепке байланысты болмайды. Бұған бірқатар себеп итермелейді. Ал әзірге мен додадамын", — дейді Головкин


Соңғы жаңалықтар