Жарияланды: 430

Головкин Лемьеге қарсы жекпе-жекке дайындықты бастап кетті

Головкин Лемьеге қарсы жекпе-жекке дайындықты бастап кетті

Олардың жекпе-жегі 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді, - деп хабарлайды http://24.kz/.

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) осы салмақтағы IBF чемпионы, канадалық Давид Лемьемен (34-2, 31 КО) жұдырықтасатын жекпе-жекке дайындықты бастап кетті. Бұл туралы ВКонтактедегі GGG ресми парақшасында хабарланды.

Нью-Йорктегі, Квебекедегі және Лос-Анджелестегі ауқымды медиа-турдан кейін Головкин Калифорниядағы Big Bear лагерінде жаттығу барысына кірісіп кетті. Лемьеге қарсы жекпе-жек 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Ол ақылы трансляциялар жүйесі арқылы HBO телеарнасынан көрсетілетін болады. Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасынан тамашалай алады. Головкин үшін бұл 2015 жылғы үшінші, ал АҚШ-тағы екінші жекпе-жек болады. Осы жылдың ақпан айында Монте-Карлода отандық боксшымыз Мартин Мюррейді мерзімінен бұрын құлатса, мамырда Инглвудте американдық Вилли Монроны жеңген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін