Головкин мен Әлімханұлы әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен Әлімханұлы әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына енді

Головкин мен Әлімханұлы әлемнің үздік 50 боксшысының қатарына енді

Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялады.

  • 17 Қаңтар 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл тізімге Қазақстандық екі боксшы енді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтинг көшбасшысы украиналық боксшы Александр Усик болды.

Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ.

Үшіншісі сатыда — мексикалық Сауль Альварес.

Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді.

Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.


Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы осы дивизионда WBO белдігінің иегері.

Соңғы жаңалықтар