Жарияланды: 30

Головкин мен Альварестің промоутерлері екінші жекпе-жектің келіссөздерін бастады

Головкин мен Альварестің промоутерлері екінші жекпе-жектің келіссөздерін бастады

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутерлері екінші жекпе-жекті өткізу үшін келіссөздерді бастады.

Бұл туралы мексикалық боксшының мүддесін қорғап жүрген Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының құрылтайшысы Оскар Де Ла Хойя мәлімдеді, деп жазды vesti.kz

"Біз Том Леффлермен келіссөздерді бастадық. Біз осы екінші жекпе-жектің өткенін қалаймыз және бұл дұрыс бағытта жаслаған қадам. Әрбір үздік боксшы жыл бойы VADA ұйымының тестілеуінен өтіп тұруы тиіс. Бұл спортты тазартудың жалғыз жолы.

Осы жекпе-жекті ұйымдастыра алатынымызға сенімдімін. Бұл жігіттер, "Канело" мен Головкин бірін бірі жақсы көрмейтін болар. Егер кездесу қыркүйекте өтетін болса, бұл тартысты бола түсетіні анық. Бұлардың арасында нағыз өшпенділік орнады. Нағыз тартысты жекпе-жек болмақшы. Қалай болғанда да "Канело" қыркүйекте шаршы алаңға шығады.

Бұл үлкен қадам, жолымызда кездескен ірі кедергіден өттік. Ешқандай ақталу болмайды. Головкин осы жекпе-жектің болғанын қалайды, Альваресте осы ұстанымда, сол себепті де фанаттардың күткен жекпе-жегін ұйымдастырып, солар күткен шайқасты берейік", - деп жазады ESPN Оскардың сөзін.

Оқи отырыңыз:

Балаға сексуалды тәрбие беру керек пе?

Шымкентте терроризм айыбымен оқушы сотталды

Оңтүстік Қазақстанда биыл 20 мыңға жуық тұрғын таза ауыз сумен қамтылады

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть