Головкин мен Альварестің түсіру алаңындағы "төбелесінің" толық видеосы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен Альварестің түсіру алаңындағы "төбелесінің" толық видеосы жарияланды

Головкин мен Альварестің түсіру алаңындағы "төбелесінің" толық видеосы жарияланды

Леффлердің айтуынша, бұл видео мамырда өтуі тиіс болған жекпе-жекке түсірілген екен.

  • 8 Тамыз 2018
  • 132
Фото - Caravan.kz

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен түсірілм алаңындағы "төбелеске" қатысты пікір білдірді, деп жазды vesti.kz

TMZ Sports Головкин мен Альварестің жекпе-жек алдында промороликке түсіп жатқан видеосын жариялаған еді. Портал мәліметінше, видео шілденің ортасында түсірілген, бірақ 15 қыркүйекке белгіленген екінші жекпе-жекке дейін қос боксшы кездеспейміз деп уәделескен еді.

"Кездесу қатты шиеленіс кезінде өтті. Боксшылар бір бөлмеде болып, бір біріне жасанды соққылар жұмсауы тиіс болған еді. Олар шынайы "қастастықты" көрсетуі керек болды. Сондай-ақ олар трэштокингте жасаған", — деп жазады басылым. Осы видеодан соң көрермендер Головкиннің артық салмақ қосып алғанына алаңдаулы.

Леффлердің айтуынша, бұл видео мамырда өтуі тиіс болған жекпе-жекке түсірілген екен. Алайда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, жекпе-жек кейінге қалдырылған еді.

"Бізге жаңа видеолар жариялау қажет. Меніңше бұл "Канелоның" және Golden Boy тарапынан шыққан болуы керек. Шын мәнінде бұл ескі видео… Головкин Big Bear лагеріне келмей тұрып болған. Мамырға белгіленген жекпе-жек алдында түсірілген еді. Көше төбелесі стилінде түсірілген, меніңше бұл видео 15 қыркүйекке арналған, себебі қос боксшы да бірін-бірі шынымен де жақтырмайды. Қазір біз осындай видео түсіреміз деп айта алмаймын, себебі Головкин Синко де Майо мерекесінің қарсаңында өтуі керек болған жекпе-жекте Альварес өзі қателік жіберді. Керісінше "Канело" GGG мен Абель Санчестің айтқан сөздеріне ашуланды. Қолымызда үлкен жекпе-жек, бұл енді нағыз шайқас болатыны сөзсіз", — деді Леффлер K.O. Artist Sports каналына берген сұхбатында.



Олардың екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді

Соңғы жаңалықтар