Жарияланды: 340

Головкин мен «Канело» жекпе-жегін 2 отандық арна тікелей эфирде көрсетеді

Головкин мен «Канело» жекпе-жегін 2 отандық арна тікелей эфирде көрсетеді

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекті 17 қыркүйек күні екі бірдей отандық телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекпе-жек кеші Астана уақытымен 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) «T-Mobile» аренасында өтеді. Отандасымыздың жекпе-жегін «QAZAQSTAN» және  «QAZSPORT»  телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 06:00-де.  Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 37 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған.

Отандасымыз  2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион. 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы. 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы титулдарына ие. Ал, 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.


 

Пікір қалдырыңыз

[X]