Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазы кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазы кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазы кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) 16 қыркүйек күні бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) кездесу өткізетіні белгілі.

  • 11 Мамыр 2017
  • 400
Фото - Caravan.kz

Бұл екі боксшының жекпе-жегіне әлі төрт ай болса да қазірдің өзінде Головкин мен «Канелоның» кездесуінде жеңіске жеткен боксшыға міндетті қарсыласы анықталып қойды. Ол Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсон (20-1, 14 KO) мен украиналық Сергей Деревянченко (10-0, 8 KO). Ал бұл жекпе-жекті мамыр айының басында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBF) міндеттеген еді.

Қазіргі уақытта Джонсон мен Деревянченконың командалары IBF-қа жекпе-жекті өткізетіндерін мақұлдады. Олардың промоутерлері жуық арада келіссөздерді бастайды. Кездесудің жеңімпазды қауымдастықтың рейтингінде көш бастайды.

Екі боксшының промоутерлері арасындағы келіссөздер 7 маусымға дейін аяқталып, содан кейін жекпе-жектің саудасы басталуы керек. Егер қандай да бір мәселеге байланысты бір боксшының командасы келіссөздерден бас тартса, онда IBF рейтингінен шығып қалады. Бүгінде Джонсон рейтингтің бірінші сатысында болса, Деревянченко екінші орынға жайғасқан. Одан бөлек, бұл жекпе-жекке дейін екі боксшыға да басқа кездесу өткізуге тыйым салынған.

Негізі Джонсон 2015 жылы IBF тарапынан Головкиннің міндетті қарсыласы болған еді. Бірақ Багам аралдарының боксшысы ол кезде жарақат алып қалды.


Ал Головкин-Альварес жекпе-жегіне келетін болсақ, бұл кездесу орта салмақ, яғни, 160 фунтта өтеді. Кездесуде қазақстандық боксшының барлық белбеулері ортаға салынады. Екі команданың келісімі бойынша, тек мексикалық боксшы жеңіліп қалса, екінші кездесу өткізуге құқығы бар екен.

Соңғы жаңалықтар