Жарияланды: 430

Головкин мен Лемье баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті

Головкин мен Лемье баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті

Геннадий Головкин мен Давид Лемье соңғы баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті, деп хабарлады mmaboxing.ru.

АҚШ-тың Нью-Йорк штаты Нью-Йорк қаласында WBA/WBC interim/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен оның қарсыласы IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 26 жастағы канадалық Давид Лемьенің (34-2, 31 КО) қатысуымен қорытынды баспасөз мәслихаты өтті.

Еске сала кетейік, Головкин - Лемье жекпе-жегі 17 қазанда АҚШ Нью-Йорк штаты Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін