Головкин мен Лемье жекпе-жегінің билеттері 12 тамыздан бастап сатылады
![]() |
Головкин мен Лемье жекпе-жегінің билеттері 12 тамыздан бастап сатылады. Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. |
Құны $500, $300, $200, $100 және $50 болатын билеттерді Ticketmaster.com сайты арқылы немесе Madison Square Garden кассаларынан алуға болады.
Еске сала кетейік, WBA (Super) мен WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 17 қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) өткізеді. Оның қарсыласы осы салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы 26 жастағы канадалық Давид Лемье болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін