Головкин өзін "есек" деген Альварестің бапкеріне жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин өзін "есек" деген Альварестің бапкеріне жауап берді

Головкин өзін "есек" деген Альварестің бапкеріне жауап берді

Рейонсо қазақстандықтың бапкеріне де тіл тигізген еді.

  • 5 Қыркүйек 2018
  • 78
Фото - Caravan.kz


Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) бапкеріне жауап берді.

Хосе "Чепо" Рейносо сұхбаттарының бірінде Головкинді есекке теңеп, "басында түк ой жоқ. Бірнеше соққы жасап, алдыға ғана жүре береді" деген еді.

"Мұндай сөздер айтып, ол деңгейге дейін түскім келмейді. Бұл тәрбиесіздік пен ақыл жоқтығын көрсетеді. Мінез-құлқын байқатып тұр. Мен ешбір адам жайында ешқашан мұндай айтпаспын", — дейді Головкин телеконференция барысында.

Мұның алдында Рейносо өзінің әріптесі — Головкиннің бапкері Абель Санчес туралы да осындай айтқан. Рейонсо "Канелоның" допинг тесті туралы сынына Санчесті де есек деген. Бұған қазақстандықтың бапкері Рейонсоға қасапшы болғандығын есіне салып, допинг дауына ілінген ол еместігін айтқан.

Соңғы жаңалықтар