Головкин салмағындағы экс-чемпион бокстан шеттетіліп, рейтингтен шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин салмағындағы экс-чемпион бокстан шеттетіліп, рейтингтен шығарылды

Головкин салмағындағы экс-чемпион бокстан шеттетіліп, рейтингтен шығарылды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақта бұрынығы чемпион ұлыбританиялық Билли Джо Сондерсті (26-0, 19 КО) шеттеткені туралы ақпаратты растады.

  • 2 Қараша 2018
  • 17
Фото - Caravan.kz

ТalkSPORT журналисі Майкл Бенсонның мәліметінше, Сондерс жарты жылға шеттелді. Осы уақыт аралығында ол WBO рейтингінен шығарылады және оған шеттету аяқталған соң үш айдан кейін ғана қосылады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, осы күндері Панама-Ситиде WBO ұйымының жыл сайынғы конвенциясы өтіп жатыр.

Еске салайық, Сондерс қыркүйек айының соңында допингпен ұсталған болатын. Осыдан кейін ол Деметриус Андрадемен (26-0, 16 КО) жекпе-жек өткізе алмай, чемпиондық белбеуден айырылды. Белбеу намибиялық боксшыны жеңген Андрадеге өтті.

Сондерс WBO белбеуіне 2015 жылы ирландиялық Энди Лиді (35-3-1, 24 КО) жеңген соң ие болған еді. Сонымен бірге, ол бірнеше рет қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жекпе-жек өткізуге тырысқан болатын.


 

Соңғы жаңалықтар