Головкин Сергей Ковалевті бір соққымен сұлатып түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин Сергей Ковалевті бір соққымен сұлатып түсірді

Головкин Сергей Ковалевті бір соққымен сұлатып түсірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жаттығу кезінде жартылай ауыр салмақта сынға түсіп жүрген ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа жіберді. Мұны британиялық боксшы Джонни Нельсон Sky Sports News HQ арнасына берген сұхбатында айтты.

  • 7 Қыркүйек 2016
  • 593
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

6 қыркүйек күні Лондон орталығындағы Ковент-Гарден алаңында өткен Головкиннің ашық жаттығуы кезінде Джонни Нельсон ешкімге айтылмаған бір сырды жайып салды.

«Мен тренажер залында болған бір сұмдықты естідім. Мұны айтып, Брукты үркіткім келмеп еді. Головкин жаттығу кезінде Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріпті. Алайда, мұны әзірге Келл естіген жоқ. Міне, Головкиннің соққысы осындай. Ковалев – жартылай ауыр салмақтағы боксшы, ал Головкин оны елеген де жоқ», – дейді Нельсон.

Естеріңізге саламыз, Головкин мен Брук арасындағы жекпе-жек 10 қыркүйек күні Лондондағы 20 мың жанкүйер сыятын О2 аренада өтеді. «Қазақстан» ұлттық арнасы бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар