Головкин: Шынымды айтсам, Деревянченкодан кішкене қорқамын - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин: Шынымды айтсам, Деревянченкодан кішкене қорқамын

Головкин: Шынымды айтсам, Деревянченкодан кішкене қорқамын

Бұл жәй ғана ойын емес, нағыз айқас боларын түсінеміз.

  • 23 Тамыз 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты.

— Екінші үйіме қайтып оралғаныма қуаныштымын. Madison Square Garden-де мені қолдаған барлық адамдарға алғысымды айтамын. Әрине, қобалжимын. Өйткені мықты қарсыласты таңдадым. Сергей Деревянченконы бұрыннан танимын. Ол расынды мықты боксшы. Бұл жәй ғана ойын емес, нағыз айқас боларын түсінеміз. Шынымды айтсам, одан кішкене қорқамын. Өйткені оның командасы да, өзі де мықты. Тамаша шоуда жолыққанша, — деді Головкин баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Головкин мен Деревянченко 5 қазан күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде жұдырықтасады.


Соңғы жаңалықтар