Головкин жаңа бапкерін таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Головкин жаңа бапкерін таныстырды

Головкин жаңа бапкерін таныстырды

 

  • 5 Мамыр 2019
  • 239
Фото - Caravan.kz

Геннадий Головкиннің жаңа бапкері бұрынғы америкалық боксшы Джонатан Бэнкс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


36 жастағы Бэнкс Головкиннен үш айға кіші. Бұрын боксшы болғанымен, оның ең үлкен жетістігі – IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы және NABO нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы. Ал жаттықтырушы ретінде Виталий Кличкомен танымал.

Ол әйгілі Эмануэль Стюардтың көмекшісі болған, кейін қайтыс болған соң украиналықтың бас бапкері болды. Сондай-ақ, оның қол астында британиялық супер ауыр салмақта жұдырықтасатын Диллиан Уайт болды. Дәл қазір абсолют әлем чемпионы Сесилия Брекхуспен бірге жұмыс істейді.

"Мен боксшы ретінде әрі қарай да өзімді дамытып, үйренгенімді негізге ала отырып шыныққым келеді. Джонатан маған мақсаттарыма жетуге көмектесетін жаңа тәсілдерді үйретеді. Біз қарқынды түрде жұмыс істеп жатырмыз, 8 маусым күні Madison Square Garden алаңында Big Drama Show көрсетемін", — деді Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, тағы бір қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Головкиннің жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасу үшін өз жоспарын өзгертті.

Соңғы жаңалықтар