Головкин-Альварес арасындағы келесі жекпе-жектің трейлері шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин-Альварес арасындағы келесі жекпе-жектің трейлері шықты

Головкин-Альварес арасындағы келесі жекпе-жектің трейлері шықты

YouTubeвидео-порталындағы The Fight Game парақшасында мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы қарымта жекпе-жектің трейлері жарияланды.

  • 16 Қазан 2017
  • 679
Фото - Caravan.kz

Еске салайық, қазан айының басында Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қос боксшыны жедел матч-реванш өткізуді міндеттеген болатын. Қазіргі таңда қос боксшының командалары келіссөздер жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, қарымта кездесу келер жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.

Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек биыл 16 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өткен болатын. 12 раундқа созылған кездесуде жеңімпаз анықталмай, төрешілер тең нәтиже белгілеген еді. Бұл қазақстандық боксшының алғашқы тең ойыны. Бұған дейін Геннадий Головкин 37 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар