Головкин-Джейкобс қарымта жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин-Джейкобс қарымта жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Головкин-Джейкобс қарымта жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Бокс шолушысы Дэн Эмброус қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэль Джейкобс арасында екінші жекпе-жек қашан өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

  • 29 Қазан 2017
  • 559
Фото - Caravan.kz


«Джейкобс 2018 жылы Головкинмен немесе «Канеломен» жекпе-жек өткізе алады деп ойламаймын. Егер америкалық олардың бірімен жекпе-жекке шыққысы келсе, онда ол тым болмағанда 2019 жылға дейін күтуі керек. Головкин келесі жылы Альвареспен реванш өткізеді, немесе WBA «тұрақты» чемпионы Риота Муратамен рингке шығады. GGG-Альварес қарымта жекпе-жегі бойынша келіссөздер сәтті аяқталса, меніңше, кездесу қыркүйекте өтеді. Бұл қазақстандықтың сол жылдағы екінші жекпе-жегі болуы мүмкін, сондықтан мен оның желтоқсанда да жұдырықтасатынына күмәндімін. Джейкобске, ең дұрысы, 2019 жылды күту», — дейді Эмброус.

Соңғы жаңалықтар