Жарияланды: 50

Головкиннің есімі 2020 жылдың үздік боксшылар рейтингіне енді

Головкиннің есімі 2020 жылдың үздік боксшылар рейтингіне енді

Головкиннің есімі 2020 жылдың үздік боксшылар рейтингіне енді.

Givemesport.com сайты былтырғы жылдың үздік боксшыларының тізімін жариялады, олардың арасында қазақстандық спортшы Геннадий Головкин де бар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин рейтингіде 15-ші орында тұр. 2020 жылы Геннадий небәрі бір жекпе-жек өткізген, бірақ ол орта салмақта әлем чемпионы титулдарын қорғау бойынша жаңа рекорд орнатты – Головкин титулдарын 21 рет қорғап шыққан.

Еске сала кетсек, желтоқсан айының ортасында Головкин IBF желісі бойынша үміткер, Польша боксшысы Камил Шереметамен жұдырықтасып, жетінші раундтан кейін тізесін бүктірген. Сондай-ақ 38 жастағы қазақстандық боксшы тағы бір чемпиондық белдік – IBO-ны қорғап шықты.

2021 жылы Геннадий Головкиннің мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен трилогия өткізетіні күтілуде – олардың арасындағы айқас қыркүйек айында өтуі мүмкін.

Головкин сондай-ақ ХХІ ғасырдың ұлы боксшыларының «үштігіне» кірді. Танымал Give Me Sport басылымы ғасырдың үздік 50 боксшысының рейтингісін ұсынды. Бұдан басқа, GGG ESPN ұсынған P4P рейтингісінің үздік «ондығына» кірді, сондай-ақ «Канелоға» ең тура дарыған соққылар авторы атанды.

Бұдан басқа, GGG 2020 жылы спорт алаңына қайтып оралып, көпшілікті шулатқан тұлға ретінде танылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін