Грек-рим күресінің турниріне әлемнің 10 елінен 130-дан астам спортшы келмек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грек-рим күресінің турниріне әлемнің 10 елінен 130-дан астам спортшы келмек

Грек-рим күресінің турниріне әлемнің 10 елінен 130-дан астам спортшы келмек

17 қараша күні «Дәулет» спорт кешенінде грек-рим күресінен ҚР «Президентінің Кубогы» ІІІ халықаралық турнирі жалауын желбіретпек.

  • 16 Қараша 2012
  • 360
Фото - Caravan.kz

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, бұл дүбірлі додаға әлемнің Ресей, Иран, Үндістан, Грузия, Қытай, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінен 130-дан астам спортшы келеді.

Қазақстан қарсыластарының арасында атақты спортшылар да жоқ емес. Солардың бірі 2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада чемпионы, 2007 жылы Бакуде өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері ресейлік Назир Манкиев. Ол 60 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шығады. Сондай-ақ, жарысқа арнайы қонақ ретінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы жеке бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Лев Ежевский шақырылып отыр.

Турнир тұңғыш рет жеке есепте өтпек. Қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер қомақты ақшалай сыйлық алады. Бірінші орынға 5 мың АҚШ доллары, екінші орынға 3 мың АҚШ доллары, ал үшінші орынға 1,5 мың АҚШ доллары тігілген.

Соңғы жаңалықтар