Ильин, Чиншанло, Рыпакова Азияның үздік спортшылары атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 541.93
  • 636.71
+36 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ильин, Чиншанло, Рыпакова Азияның үздік спортшылары атанды

Ильин, Чиншанло, Рыпакова Азияның үздік спортшылары атанды

Бүгін Азия олимпиада комитеті сары құрлықтың ең үздік 20 спортшысының тізімін жариялады. Оның ішінде үш Қазақстан спортшысы бар.

  • 8 Қараша 2012
  • 607
Фото - Caravan.kz


«Аламан» спорт агенттігі 6 қарашада Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанлоның бұл тізімге енгенін хабарлаған еді. Агенттік осы сағатта бұл тізімге жеңіл атлет Ольга Рыпакованың да енгені белгілі болғанын хабарлап отыр. Өкінішке қарай, Серік Сәпиев бұл тізімде жоқ.

Бұдан бөлек, үздіктер қатарында өзбек балуаны Артур Таймазов, ауыр атлет Бехдад Салимикордашиаби (Иран), қытайлықтар Чен Дин (жеңіл атлетика) және Сунь Ян (жүзу), Ли Сяося (үстел теннисі), Ли Сюежуэй (бадминтон), Ие Шивэн (жүзу); ирандық Хамид Сориян (күрес), оңтүстік кореялықтар Джин Джон О (нысана көздеу), Ки Ба Бэ (садақ ату), Ким Джи Ен (семсерлесу); жапониялық спортшылар Кохей Учимура (спорттық гимнастика), Кауори Ито (күрес), Риота Мурата (бокс), Каори Мацумото (дзю-до); солтүстік кореялықтар Гим Ун Гук (ауыр атлетика), Ан Ку Гаэ (дзю-до) бар.