Ильин мен Чиншанло «Азияның үздік 20 спортшысы» тізіміне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ильин мен Чиншанло «Азияның үздік 20 спортшысы» тізіміне енді

Ильин мен Чиншанло «Азияның үздік 20 спортшысы» тізіміне енді

Қазақстандық Зүлфия Чиншанло мен Илья Ильин «Азия құрлығының ең үздік 20 спортшысы» тізіміне енді.

  • 7 Қараша 2012
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, Азия Олимпиада комитеті 8 қарашада Макаода құрлықтың мықты деген 20 спортшысын (10 ер, 10 әйел атлет) арнайы марапаттамақ.

Осы орайда, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Чиншанло, Ильиннің осы тізімге енгенін мәлімдеді. Біздің спортшылардан бөлек ирандық Вехдад Салим Кордасиаби (+105 келі) мен Ун Гук Ким (КХДР, 62 кг) де «20 үздік спортшының» қатарына кіріпті. Бұл екеуі де ауыр атлетикадан биылғы Олимпиада чемпиондары.

Атап айтқанда үздіктердің қатарындағы төртеуі белгілі. Қалған 16 мықты 8 қарашада анықталады. Олардың ішінде Қазақстанның споршылары Серік Сәпиев және Ольга Рыпакова болуы мүмкін.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера