«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, Азия Олимпиада комитеті 8 қарашада Макаода құрлықтың мықты деген 20 спортшысын (10 ер, 10 әйел атлет) арнайы марапаттамақ.
Осы орайда, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Чиншанло, Ильиннің осы тізімге енгенін мәлімдеді. Біздің спортшылардан бөлек ирандық Вехдад Салим Кордасиаби (+105 келі) мен Ун Гук Ким (КХДР, 62 кг) де «20 үздік спортшының» қатарына кіріпті. Бұл екеуі де ауыр атлетикадан биылғы Олимпиада чемпиондары.
Атап айтқанда үздіктердің қатарындағы төртеуі белгілі. Қалған 16 мықты 8 қарашада анықталады. Олардың ішінде Қазақстанның споршылары Серік Сәпиев және Ольга Рыпакова болуы мүмкін.