Жарияланды: 380

Илья Ильин Геннадий Головкинді құттықтады

Илья Ильин Геннадий Головкинді құттықтады

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Геннадий Головкинді орта салмақта әлем чемпионының кезекті  белбеуін  жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлады Sports.kz.

«Біздің GGG-ні кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Жарайсың, Гена! Барлығын да чемпиондарша тамаша істедіңІІІ Congratulation», - деп жазды Ильин Instagram-ға.

Еске сала кетейік, бүгін Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин  Давид Лемьені жеңіп, орта салмақ санатында Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша чемпион атағын канадалықтан тартып алды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін