Жарияланды: 630

Илья Ильин серпе көтеруден жаңа әлемдік рекорд орнатты

Илья Ильин серпе көтеруден жаңа әлемдік рекорд орнатты

Алматыдағы 2014 жылғы әлем чемпионатында қос дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин салмағы 242 келі зілтемірді серпе көтерген болатын, деп хабарлайды vesti.kz.

Ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы қазақстандық Илья Ильин серпе көтеруден жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы спортшының өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Түнгі жаттығу. 250 келіні серпе көтеру. Әлемдік рекорд!!!», - деп жазды Ильин, жазбасына видео қосып.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен 2014 жылғы әлем чемпионатында Ильин жұлқа көтеруде 190 келі, ал серпе көтеруде - 242 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатты, сөйтіп алтын медаль жеңіп алды. Жыл қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы әлемнің үздік зілтеміршісі болып танылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін