Илья Ильин спорттық мансабын мемлекеттік қызметке ауыстырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Илья Ильин спорттық мансабын мемлекеттік қызметке ауыстырмақ

Илья Ильин спорттық мансабын мемлекеттік қызметке ауыстырмақ

Допингпен ұсталған әйгілі Илья Ильин зілтемірді тастап мемлекеттік қызметке ауысып жатыр.

  • 4 Қараша 2016
  • 541
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Дәлірек айтқанда, Илья Ильин Спорт министрлігіне қарасты Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы басшысының кеңесшісі болады. Яғни, атақты зілтемірші спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындауға көмектеспек. Сөйтіп зілтемір мен спортзалды шенеуніктің жайлы орынтағына ауыстырған Ильинге бірер күндікте жаңа қызметке алынғаны туралы бұйрық шығып, ұжымға таныстырылмақшы. Айта кетсек, Ильиннен өзге Спорт министрлігі допингпен ұсталып барлық жарыстардан шететілген Светлана Подобедова мен Жасұлан Қыдырбаевқа да жұмыс қарастырып жатыр екен.

Соңғы жаңалықтар