Илья Воротников «Қайраттан» кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Илья Воротников «Қайраттан» кетті

Илья Воротников «Қайраттан» кетті

Алматылық команданың экс-капитаны Илья Воротников жаңа маусымда басқа клубтың атынан шығады.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 357
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz хабарлағандай, 26 жастағы Воротников өткен чемпионатта 16 матчта ойнады және біршама уақыт команданы капитандық байламмен алып шығып отырды. «Қайратта» ол соңғы екі маусымды өткізді, ал оған дейін «Атырау», «Алматы», казаньдық «Рубин» және «Ертіс» үшін ойнады.

«Жаңа маусымда өзге команда үшін ойнайтынымды растаймын. Әзірше үйдемін, бірақ жаңа командаға қатысты нақтылық жақын уақытта белгілі болады», — деді футболист.

Воротниковтан өзге «Қайратпен» бірге жиындарға Рақымжан Розыбакиев, Нұрсайын Жолдасов және Руслан Мансұров бармайды.