Жарияланды: 530

Иордания ханзадасы ФИФА басшысының қызметіне кандидат болды

Иордания ханзадасы ФИФА басшысының қызметіне кандидат болды

Иордания ханзадасы Әли Хусейн бейсенбі күні ФИФА президенті қызметіне кандидатурасын ресми түрде тіркеді, деп жазады Би-Би-Си.

Бұған дейін Халықаралық футбол федерациясы вице-президентінің қызметін атқарған ханзада өтінім беру үшін оған ФИФА-ның 209 мүшесінің бесеуінің қолдауы қажет болғанын хабарлады. Ол өзін қолдаған топтағы адамдардың есімдерін атаудан бас тартты.

ФИФА жемқорлық жанжалынан әлі көз ашпай отыр. Өткен аптада ФИФА-ның этика комитеті ұйым президенті Зепп Блаттер мен УЕФА басшысы Мишель Платиниді 90 күнге қызметтен шектетті.

ФИФА-ның жаңа президентін сайлау 2016 жылдың 26 ақпанына белгіленді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін