Ирландиялық Питер Кунлли қазақстандық Қуат "Найман" Хамитовты жекпе-жекке шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ирландиялық Питер Кунлли қазақстандық Қуат "Найман" Хамитовты жекпе-жекке шақырды

Ирландиялық Питер Кунлли қазақстандық Қуат "Найман" Хамитовты жекпе-жекке шақырды

Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсететін ирландиялық спортшы Питер Кунлли қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитовты жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Fight Nights Global промоушенінің ВКонтакте желісіндегі парақшасында хабарланған.

"Мен Хамитовпен жұдырықтасатыныма 100 пайыз сенімдімін. Бұл жекпе-жек менің Сочидегі жеңісімнен кейін болады... Келесі - Хамиов. Оған аман тұруы мен Мәскеуде жолығамыз деуден өзге ештеңе айта алмаймын", - дейді Кунлли.

Кунлли он жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңілген. Биыл ол ресейлік Fight Nights промоушенімен келісімшартқа қол қойып, бұл ұйымның ұйымдастыруымен бір жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Келесі жекпе-жек 24 тамызда Сочиде Fight Nights Global 72 аясында өтеді.

Кунлли Дублиндегі Straight Blast Gym залында жаттығатынын айта кетейік. Бұл залда ол UFC чемпионы Конор МакГрегордің спарринг серіктесі ретінде бірге дайындалады. Сұхбаттарының бірінде ол осындай жаттығулары туралы айтақн:

"Мен күнделікті әлемдік деңгейдегі спортшылармен жаттығамын. Мәселен маған дайындалуға Конор МакГрегор көмектеседі. Ол менің жақын досым. Ол әлемдегі үздік файтер. Оның спарринг серіктесі болу мен үшін үлкен абырой. Көпшілік Конор танымастай өзгеріп кеткен деп ойлайды. Жоқ... Конор сол баяғы жігіт, бес жыл бұрын менің шортыларымды ұрлап жүрген қалпынан таймаған.

Хамитовтың өзі Кунллимен жекпе-жек туралы шілде айында Instagram желісіндегі парақшасында жазған. Жекпе-жек Fight Nights Global турнирі аясында Алматыда өтетінін хабарланған болатын. Алайда спортшы кейін бұл жазбасын өшіріп тастады.

  • 8 Тамыз 2017
  • 623
Фото - Caravan.kz


 

Соңғы жаңалықтар